Мазмұнға өту

Ағын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Image

Ағын – табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны болып екіге бөлінеді:

Беткі ағын өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. Ағын мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне, ауа температурасы, жер бедері, геологиялық құрылысы, топырақ пен өсімдік сипатына байланысты қалыптасады.[1]

Ағынның келесі екі мағынасы бар:

  • өзендегі немесе өзге де су арналарындағы сумассасының көлденең кеңістікті түгел қамтитын қозғалысы;
  • жалпы қозғалысты бейнелейтін түсінік (мысалы, су ағыны, ауа ағыны, т.б.)

Ағын аймақтың климат жағдайына тәуелді. Ағынның жалпы шамасы – су шығымы, ағын модулі, ағын коэффициенті және ағын су қабатының қалыңдығы деп аталатын элементтер арқылы анықталады.

Белгілі бір уақыт ішінде арнамен ағып өтетін ағын мөлшері (м³/с не л/с-пен өлшенеді).

Cу жиналатын алаптың 1 км2 жерінен 1 с-та жиналатын ағын көлеміне .

Ағын модулі (лат. тосіиіиз - өлшем) - су жиналу аудан бірлігінен уақыт бірлігі ішінде өтетін ағынның көлемі. Су шығынын су жиналу ауданында болу арқылы есептеледі; әдетте л/с кмг немесе м/с кмг-мен өлшенеді. Ағын модулі кез келген кезең үшін: 1) өзен ағынының жалпы жиынтығына; 2) беткі ағынға; 3) жер асты ағынына; 4) ең аз немесе ең көп ағынға қатысты есептеледі.

Ағын коэффициенті

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Жалпы жауын-шашынның ағынға айналған бөлігін көрсететін проценттік шама.

Ағын су қабатының қалыңдығы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Ағын коэффициентінің мм-мен не см-мен өлшенген қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, өзіндік Ағынның көлемі 59 км3.

Ағын нормасы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Көп жылдық кезендегі ағын шамасының орташа мәні. Ағынның жылдық, айлық шамаларының орташа арифметикалық мәні (жылдық, айлық ағын нормасы) ретінде есептеліп отырады.

1) анық көрінетін екі бірдей жаға арасындағы арнамен (өзеннің, өзеншенің) немесе ойпаң жермен еңіс бағытта тұрақты және уақытша ағып өтетін табиғи су ағыны; 2) табиғи және жасанды ағын сулардың жалпы аталуы.

Ағынды пайдаланудың коэффициенті

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Су қоймадан тұтынушыларға жеткізілетін жылдық орташа су көлемінің (Ж) өзеннің қалыпты ағынының көлеміне (V) катынасы: у = IV/ У0

Ағынның жыл бойғы бөлінісі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Ағынның жыл бөліктері (маусымдар, айлар, онкүндіктер) бойынша бөлінуі; әдетте, ол жылдық ағын мөлшерінен үлес немесе пайыз есебімен анықталады.

Ағынның көп жылдық тербелістері

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Көп жылдық кезең ішінде өзен сулылығының көп жылдық, орташа шамасынан едәуір ауытқуына сәйкес өзгереді. Олар өзеннің көп сулы және аз сулы циклдерінің ауысымы түрінде байқалады.

Ағынсыз алаң

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Өзен мен көлдің су жинау алабындағы беткі ағын суы жок аумақ.

Ағынсыз алап

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Ағынсыз атыраптарда тараған өзен мен көл алаптары (мысалы, Арал—Каспий ағынсыз атырабында орналасқан Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария өзендерінің алаптары).

Ағынсыз атырап

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Өзен жүйелері арқылы мұхитпен байланысы жоқ материктік ішкі ағынсыз атырап. Мұнда өзендер мұхиттармен байланыспайтын теңіздер мен көлдерге құяды немесе қуаң зоналардағы құмдарға келіп жоғалады. Ағынсыз атыраптың аумағы жағынан ең ірісі — Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария өзендері құятын Каспий—Арал атырабы.

Ағынсыз көлдер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Дала мен шөлейт зоналардың (Қазақстанның) және мәңгі тоңды аймақтардың (Батыс Сібір мен Саха Республикасының) ағынсыз атыраптарында тараған немесе жер асты суы көрші су жиналу атырабына етпейтін көлдер.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
  2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6