Мазмұнға өту

Эрзялар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эрзялар
Image

Дәстүрлі киінген эрзя әйелдері
Бүкіл халықтың саны

57 008 (2010,[1] санақ)

Ең көп таралған аймақтар

Image Ресей:
Image Мордовия

Тілдері

эрзяша, орысша

Діні

православиелік, эрзя дәстүрлі діні, лютерандық

Эрзялар (эрз. эрзят) — эрзя тілінде сөйлейтін фин-угор халқы. Эрзя тілі Орал тілдерінің мордва тармағына жатады. Кейде эрзялар мокшалармен бірге «мордвалар» делінеді.[2][3]

Географиясы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Эрзялар көбіне Ресейдегі Мордовияның шығысына қарай жерде, Мокша мен Сура, Еділ мен Ақеділ өзендерінің бойында тұрады.

2021 жылғы Ресей халық санағы ақпаратынша эрзялардың көпшілігі Ресейдің осы субъектілерінде тұрады: Мордовия, Ульяновск облысы, Пенза облысы, Чувашия, Төменгі Новгород облысы, Самара облысы, Татарстан, басқалары.[4]

Ұлттық мейрамдары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Эрзялардың басты ұлттық мейрамы — Раськень Озкс (эрзяшадан — «халықтық дұға»). Мейрам 3 жыл сайын, шілде айының екінші сенбісінде, Большое Игнатово ауданындағы Чукалы ауылында өтеді. Ең жаңа Раськень Озкс 20125 жылғы 19 шілдеде өткен орын алды.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Официальная публикация итогов Всероссийской переписи населения 2010 года. Т. 1. Численность и размещение населения (орыс.). Мемлекеттік статистика федералдық қызметі. (2010).
  2. ↑ Pimenoff, Ville Nikolai Living on the Edge: Population Genetics of Finno-Ugric-speaking Humans in North Eurasia (ағыл.). Department of Forensic Medicine University of Helsinki. (2012). Тексерілді, 12 мамыр 2012. Мұрағат көшірмесі 22 шілденің 2012 Wayback Machine мұрағатында
  3. ↑ Erza We Are!, Two languages – two nations (ағыл.). suri.ee.
  4. ↑ Национальный состав населения Российской Федерации согласно переписи населения 2021 года (орыс.). rosstat.gov.ru. Тексерілді, 5 қаңтар 2023. Мұрағат көшірмесі 30 желтоқсанның 2022 Wayback Machine мұрағатында