Мазмұнға өту

Bosch

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Robert Bosch GmbH
Түрі

Жеке компания

Құрылды

1886

Құрушы

Роберт Бош

Орналасуы

Image Германия: Герлинген, Баден-Вюртемберг

Басты адамдары

Штефан Хартунг (басқарма төрағасы)

Саласы

конгломерат, электроника, электртехника, автомобиль өнеркәсібі

Өнімі

электр құралдары, тұрмыстық техника, бұлттық есептеу, интернетті заттар, өнеркәсіптік технологиялар және автомобиль бөлшектері

Айналым

▲ €88,2 млрд (2022)[1]

Операциялық кірісі

▲ €3,47 млрд (2022)[1]

Таза табыс

▼ €1,84 млрд (2022)[1]

Активтер

▲ €100 млрд (2022)[1]

Қызметкерлер саны

▲ 421,338 адам (2022)[1]

Еншілес компания

BSH Hausgeräte, Bosch Rexroth, ETAS, Bosch Thermotechnik

Аудитор

Ernst & Young

Сайты

bosch.com

Bosch (толық атауы Robert Bosch GmbH) — неміс трансұлттық инженерлік және технологиялық компаниясы. Штаб-пәтері Германияның Штутгарт маңындағы Герлингенде орналасқан.

Bosch қызметінің негізгі бағыттары төрт бизнес секторын қамтиды: автомобиль технологиялары (жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету), тұтыну тауарлары (тұрмыстық техника және электр құралдары), өнеркәсіптік технологиялар (электр жетектері және басқару жүйелері), сондай-ақ энергетика және құрылыс технологиялары.[2] 2020 жылы сатылымның 59 % құрайтын автомобиль бөлімшесінің арқасында Bosch әлемдегі ең ірі автомобиль жабдықтары мен бөлшектерін жеткізуші болып табылады.[3]

2022 жылы Fortune Global 500 ірі компанияларының тізімінде Bosch 108-ші орынға ие болды.[4]

Bosch компаниялар тобына Robert Bosch GmbH және шамамен 60 елдегі 440 еншілес және аймақтық компаниялар кіреді. Сату және қызмет көрсету саласындағы серіктестермен бірге Bosch компаниясы 150-ге жуық елде ұсынылған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 3 4 5 6 Annual Report 2021 (ағыл.). Robert Bosch GmbH. Тексерілді, 13 қыркүйек 2022.
  2. ↑ Bosch Today 2018. Bosch Global. (22 мамыр 2018).
  3. ↑ Die Top-100 Automobilzulieferer des Jahres 2018. (6 маусым 2019).
  4. ↑ Bosch Group Company Profile, News, Rankings (ағыл.). Fortune. Тексерілді, 13 қыркүйек 2022.
Image
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Robert Bosch GmbH