Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 243 346 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті

Түнгі жаңбыр құйыны. Әлемдегі ең үлкен және ең биік жабық сарқырама, биіктігі 40 метр (130 фут). Сингапурдағы Jewel Changi әуежайында.
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
| Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
| Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
| Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
| Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
| Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
| MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Ирандағы соғыс • Ирандағы наразылықтар • Газа соғысы • Судандағы азамат соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы)

- 12 сәуір — Мажарстандағы парламент сайлауы нәтижесінде Петер Мадиярдың (суретте) партиясы жеңіп, 16 жыл бойы билік құрған Виктор Орбан премьер-министрліктен кетпек.
- 1 сәуір — «Артемида II» миссиясының аясында NASA төрт ғарышкері бар басқарылатын ғарыш кемесін Айды айналып өтуге ұшырды.
- 20 наурыз — америкалық актёр Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды.
- 15 наурыз — «Оскар» сыйлығының 98-марапаттау рәсімінде «Шайқас артынан шайқас» фильмі 6 мәрте сыйлық иегері атанды.
- 15 наурыз — Қазақстанда референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
- 8 наурыз — үшінші Иран жоғарғы көсемі болып Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи сайланды.
Білгенге маржан
- Еврей халқы бір бірімен Шалом алейхем деп амандасады, мағынасы «сізге тыныштық болсын»!
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
19 сәуір
Мейрамдар
Англия, Бәйшешек күні.
Венесуэла, Тәуелсіздік күні (1810).
Сьерра-Леоне, Республика күні (1971).
Уругвай, 33 жылдар экспедиция күні.
Оқиғалар
- 1529 — Рейхстагта Шпейерде неміс католиктері мен протестанттарының толықтай бөлінуі орын алды.
- 1627 — Франция кардиналы Ришелье Ста ассоциаций компаниясына Канаданы зерттеуге патент берді.
- 1810 — Каракаста халық көтерілісі. Венесуэланың Испаниядан тәуелсіздігі үшін соғыс басталды.
- 1839 — Лондон келісім-шарты бойынша Бельгия Нидерландтан тәуелсіздігі танылды.
- 1850 — Англия мен АҚШ Панама каналын бірлесіп салу келісіміне келді (артынша АҚШ өз күшімен салуды жөн көреді).
- 1941 — АҚШ сенаты Израильде жебірей мемлекетін құру идеясын қолдау резолюциясын қабылдайды.
- 1947 — «Үнді ұлттық конгрессі» партиясы елді екіге - Үндістан және Пәкістанға бөлуге келіседі.
Дүниеге келгендер
- 1875 жыл - Тихов Гавриил Адрианович, Қазақстан астрономы
- 1907 жыл - Афрасияб Бадалбек оглы Бадалбейли, әзірбайжан сазгері, дирижер, музыкатанушы және публицист, Әзірбайжан КСР-інің халық әртісі (1976 жылы қ.б.)
- 1949 жыл - Төлеген Тілекұлы Жүкеев, Қазақстан мемлекет және қоғам қайраткері
Қайтыс болғандар
- 1875 жыл - Джордж Байрон, ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі, 6-шы барон Байрон, лорд. ХІХ ғасырдағы еуропа әдебиетінің көрнекті өкілі (1788 жылы т.)
- 1882 жыл - Чарлз Дарвин, ағылшын натуралисті, қарама-қайшы биологиялық эволюциялық теорияны қалаушы
- 1906 жыл - Пьер Кюри, француз физигi, радиоактивтiлiк туралы ғылымның негiзiн құраушылардың бiрi, Нобель сыйлығының иегері (1859 жылы т.)
- 1998 жыл - Октавио Пас (1914 жылы т.), мексикалық ақын, Нобель сыйлығының 1990 жылғы лауреаты.
Сәуір айына ортақ жұмыс
Мақалаларды жазу мен жақсарту бойынша келесі байқауларға қатысуыңызды ұсынамыз:











