Мазмұнға өту

Джон Говард Нортроп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Image Басқа мағыналар үшін Нортроп деген бетті қараңыз.
Image
Джон Хауард Нортроп (1946)

Джон Хауард Нортроп (ағылш. John Howard Northrop) (5 шілде 1891, Йонкерс, Нью-Йорк штаты, АҚШ27 мамыр 1987, Викенберг, Аризона штаты) — Америкалық биохимик. Мансабының үлкен бөлігін Нью-Йорк штаты Рокфеллер институтында медициналық зерттеулерден (1916–1961) бастаған.

Джонның жас кезіндегі ашыту үдерісіндегі жұмысы тамақты сіңіру, дем алу және негізгі өмірлік үдерістердегі ферменттер туралы білуге жетеледі. Ол ферменттер химиялық реакция заңдарына бағынатынын дәлелдеген. Пепсин, трипсин мен химотрипсин және олардың зимогендерін кристалл түрінде бөліп көрсетті. 1946 жылы Джон Джеймс Самнер және Уэнделл Мередит Стэнлимен Нобель сыйлығын бөлісті.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Image
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: John Howard Northrop