Мазмұнға өту

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы
Image
Бейбітшілік сыйлығының медалі
Шынайы атауы норв. Nobels fredspris
ағылш. Nobel Peace Prize
Мемлекет Image Норвегия
Түрі Халықаралық
үшін марапатталады Халықтар арасындағы туыстықты нығайтуға, тұрақты әскерлердің санын азайтуға және бейбіт конференцияларды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін
Негіздеуші Альфред Нобель
Жағдайы белсенді
Негізделді 1895 жыл
Сайты nobelprize.org
Nobel Peace Prize Ортаққорда

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы — швед өнеркәсіпшісі, өнертапқыш және қару-жарақ өндірушісі Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес тағайындалған бес Нобель сыйлығының бірі (химия, физика, физиология немесе медицина және әдебиет салаларындағы сыйлықтармен қатар).

1901 жылдың наурыз айынан бастап бұл сыйлық жыл сайын (кейбір ерекше жағдайларды есептемегенде) «халықтар арасындағы туыстық қатынастарды нығайту, тұрақты әскерлердің санын азайту немесе толықтай жою, сондай-ақ бейбіт конференцияларды ұйымдастыру мен насихаттау ісіне ең көп әрі ең жақсы үлес қосқан» тұлғаларға беріліп келеді. «Қазіргі заман тарихының Оксфорд сөздігі» (The Oxford Dictionary of Contemporary History) бұл марапатты «әлемдегі ең беделді сыйлық» деп сипаттайды.[1]

Нобельдің өсиеті бойынша, бұл сыйлықтың басқа номинациялардан басты айырмашылығы бар: лауреаттарды Швеция емес, Норвегия парламенті тағайындайтын бес адамнан тұратын арнайы Норвегия Нобель комитеті таңдайды.

Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімі

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]