Мазмұнға өту

Годфри Хаунсфилд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Годфри Ньюболд Хаунсфилд
Godfrey Newbold Hounsfield
Туған күні

28 тамыз 1919 (1919-08-28)

Туған жері

Ноттингемшир, Ұлыбритания

Қайтыс болған күні

12 тамыз 2004 (2004-08-12) (84 жас)

Қайтыс болған жері

Ұлыбритания

Азаматтығы

Ұлыбритания

Ғылыми аясы

компьютерлік томография

Марапаттары


Вильгельм Экснер медалі (1974)
Гайрднер халықаралық жүлдесі (1976)
Говард Поттс медалі (1977)
Джон Скотт медалі (1977)
Image Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1979)
Прогресс медалі (Америка фотографиялық қоғамы) (1979)

Үлгі:Британ империясының орденіҮлгі:Рыцарь-бакалавр

Годфри Ньюболд Хаунсфилд (ағылш. Godfrey Newbold Hounsfield; 28 тамыз 1919, Ноттингемшир, Ұлыбритания — 12 тамыз 2004, Ұлыбритания) — британдық инженер-электрик, 1979 жылы «компьютерлік томографияны жасақтағаны үшін», теоретик Аллан Кормакпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Image
Компьютерлік томографтың прототипі

Ғалымның атымен томография , рентген сәулелерге арналған ортаның тығыздығы өлшеу шкаласы — Хаунсфилд шкаласы деп аталған. Ағзаның қалыпты анатомиялық құрылымдарының X-сәулелерді сіңіру коэффициентіне сәйкес шкала бірліктерінің диапазоны —1024-нен +1024 дейін. Хаунсфилд шкаласы бойынша орташа бағамы (0 HU) су тығыздығына сәйкес, теріс мәндер ауаның шкаласына және майлы тіндерге, оң - жұмсақ тіндердің, сүйек және одан тығызырақ затқа сәйкес (металл).

Тағы қараңыз

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]