2026 жыл
Көрініс
| Жылдар |
|---|
| 2022 · 2023 · 2024 · 2025 — 2026 — 2027 · 2028 · 2029 · 2030 |
| Онжылдықтар |
| 2000 жж. · 2010 жж. — 2020 жж. — 2030 жж. · 2040 жж. |
| Ғасырлар |
XX ғасыр
— XXI ғасыр |
| Грегориан күнтізбесі | 2026 MMXXVI |
| Юлиан күнтізбесі | 2025 — 2026 (14 қаңтардан бастап) |
| Рим қаласының құрылуынан бастап | 2778 — 2779 (4 мамырдан бастап) |
| Византия күнтізбесі | 7534 — 7535 (14 қыркүйектен бастап) |
| Еврей күнтізбесі |
5786 — 5787 ה'תשפ"ו — ה'תשפ"ז |
| Ислам күнтізбесі | 1447 — 1448 |
| Армения күнтізбесі | 1475 ԹՎ ՌՆՀԵ |
| Қытай күнтізбесі | 4722 — 4723 乙巳 — 丙午 көк жылан — қызыл жылқы |
| Ефиопия күнтізбесі | 2018 — 2019 |
| Инду күнтізбесі | |
| - Викрам самват | 2082 — 2083 |
| - Шака самват | 1948 — 1949 |
| - Кали-юга | 5127 — 5128 |
| Иран күнтізбесі | 1404 — 1405 |
2026 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның төртінші күні, яғни бейсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 2026 жылы, III мыңжылдықтың 26-жылы, XXI ғасырдың 26-жылы, 21 ғасырдың 3-онжылдығының 6-жылы, 2020 жылдардың 7-жылы болып табылады.
Оқиғалар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қаңтар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 1 қаңтар
- Болгария еуро валютасын қабылдап, еуроаймақтың жаңа мүше-мемлекеті атанды.[1]
- Кипр Еуропалық кеңестің президенті атанды.[2]
- Швейцария, Кран-Монтана барындағы өрт нәтижесінде 40 адам қайтыс болды, 116 адам жарақаттанды.[3]
- 3 қаңтар
- АҚШ солтүстік Венесуэланың түрлі жерлеріне әуе соққыларын жасап, президенті Николас Мадуроны қамауға алды да, АҚШ-қа әкетті.[4]
- Экваторлық Гвинея астанасын Малабодан Сьюдад-де-ла-Пас қаласына көшірді.[5]
- 7 қаңтар – «Оңтүстік Найза» операциясы аясындағы АҚШ-тың мұнай блокадасы барысында Америка Құрама Штаттары көлеңкелі флотқа тиесілі екі танкерді, оның ішінде Ресей туы астында жүрген бір танкерді тәркіледі.[6][7]
- 9 қаңтар – Оңтүстік Йемендегі қақтығыстар (2025–2026): Аумақтық шығындардан, оның ішінде астанасы Аденнен айырылғаннан кейін, Оңтүстік Өтпелі Кеңес өзінің таратылғанын жариялады.[8]
- 13 қаңтар – Ирандағы наразылықтар (2025–2026): Иран режиміне қарсы бүкіл ел бойынша наразылықтар жалғасуда, үкіметтің қатаң қысымы аясында мыңдаған адамның қаза тапқаны және тағы мыңдағанының ұсталғаны хабарланды.[9]
- 18 қаңтар – Сегіз еуропалық ел бірлескен мәлімдеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау жөніндегі қоқан-лоқысы «қауіпті» екенін және «трансатлантикалық қатынастарға нұқсан келтіретінін» мәлімдеді.[10]
- 19–23 қаңтар – Давос, Швейцарияда 56-Бүкіләлемдік экономикалық форум орын алды.[11]
- 20 қаңтар – Шабуыл және одан кейінгі бітімнен соң Сирияның өтпелі үкіметі Сирия демократиялық күштері бақылауында болған аумақтың басым бөлігін өз қолына алды.[12]
- 22 қаңтар
- АҚШ ресми түрде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығып кетті.[13]
- Франция Жерорта теңізінде Ресей туы астында жүрген көлеңкелі флотқа тиесілі бір танкерді тәркіледі.[14]
- 23 қаңтар – Румен Радев отставкасынан кейін Илияна Йотова Болгарияның тұңғыш әйел премьер-министрі атанды.
- 27 қаңтар – Қазақстан мен Израиль екіжақты визасыз режим орнату бойынша меморандумға қол қойды.
- 30 қаңтар – бірнеше белгілі тұлғалар бейнеленген және айтылған 3 миллион Эпштейн файлдары жарық көрді.
- 6–22 ақпан – Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада ойындары орын алды.
- 8 ақпан – Жапониядағы парламент сайлауы: премьер-министр Санаэ Такаити үлкен жеңіске қол жеткізіп, Өкілдер палатасында суперкөпшілікке ие болады.
- 13–15 ақпан – 62-Мюнхен қауіпсіздік конференциясы орын алды.
- 22 ақпан – 9-Ұлттық съез барысында Ким Чен Ын Корея еңбек партиясының бас хатшысы болып қайта сайланды.
Қайтыс болғандар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Тағы қараңыз: Санат:2026 жылы қайтыс болғандар
Болжамды және жоспарланған оқиғалар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 16 желтоқсан
- Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығы.
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы.
2026 жылғы атаулы жылдар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- БҰҰ. 2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы (Қазақстан ұсынысымен)
- ЮНЕСКО. Марокконың Рабат қаласы 2026 жылғы Әлемдік кітап астанасы аталды.
- ТМД. Денсаулық қорғау жылы
- ТМД. Мегри (Армения) қаласы ТМД мәдени астанасы.
- ТМД. Алматы (Қазақстан) қаласы ТМД спорт астанасы.
- Қазақстан. Цифрлық технология және жасанды интеллект жылы
Тағы қараңыз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2026 |
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Еуропалық кеңес (2025-07-08). Bulgaria ready to use the euro from 1 January 2026: Council takes final steps (in en). Пресс-релиз.
- ↑ Rigonat, Filippo Cyprus EU Council Presidency kicks off: between security and competitiveness (ағыл.). L'Europeista (30 желтоқсан 2025). Тексерілді, 31 желтоқсан 2025.
- ↑ Michael, Chris; Giuffrida, Angela; Harding, Luke. Several dead and injured in explosion at Swiss ski resort town Crans-Montana, police say (ағыл.), The Guardian (1 January 2026). Тексерілді 1 қаңтардың 2026.
- ↑ Мадуро мен оның жұбайы сот орнына жақын абақтыға жеткізілді (қаз.). Адырна (5 қаңтар 2026). Тексерілді, 24 қаңтар 2026.
- ↑ Equatorial Guinea relocates capital to Ciudad de la Paz (ағыл.) (4 January 2026).
- ↑ Venezuela Updates: U.S. Forces Seize Two Tankers; Rubio Lays Out Plan for American Control (ағыл.). The New York Times. Тексерілді, 8 қаңтар 2026.
- ↑ US seizes Russian-flagged tanker in Atlantic as UK confirms it gave support to operation (ағыл.). BBC News. Тексерілді, 8 қаңтар 2026.
- ↑ Yemeni southern separatists in Riyadh announce disputed disbanding of STC (ағыл.), Әл-Жазира (9 January 2026). Тексерілді 9 қаңтардың 2026.
- ↑ About 2,000 killed in Iran protests, official says (ағыл.), Reuters (13 қазан 2026). Тексерілді 13 қаңтардың 2026.
- ↑ Trump’s tariff threat over Greenland risks ‘dangerous downward spiral’, warn Nato members – Europe live (ағыл.), The Guardian (18 қаңтар 2026). Тексерілді 18 қаңтардың 2026.
- ↑ Davos 2026: What to expect, who's coming and how to follow (ағыл.). Бүкіләлемдік экономикалық форум (6 January 2026). Тексерілді, 24 қаңтар 2026.
- ↑ Syria-SDF ceasefire hangs in balance after renewed clashes, faltering talks (ағыл.), Әл-Жазира (20 January 2026).
- ↑ United States Completes WHO Withdrawal (ағыл.). HHS.gov (23 January 2026). Тексерілді, 23 қаңтар 2026.
- ↑ French navy intercepts suspected Russian ‘shadow fleet’ tanker in Mediterranean (ағыл.), The Guardian (22 қаңтар 2026). Тексерілді 22 қаңтардың 2026.
| Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| 2026 жылға арналған күнтізбе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||